Тараздық сәнгердің туындылары Милан төрінде көрсетілуде | arainews.kz

Тараздық сәнгердің туындылары Милан төрінде көрсетілуде

366

Бұл күндері (қыркүйек айының 18-24 аралығында) Италияның Милан қаласында Milan Fashion Week сән апталығы өтуде. Онда әлемге әйгілі брендтер мен сәнгерлер коллекцияларының көрсетілімі өтуде.

Milan Fashion Week сән апталығының ресми бағдарламасында тараздық сәнгер Айдархан Қалиевтің де маусымдық коллекцияларының көрсетілімі енгізілген. Айдархан Қалиев мұндай әлемдік деңгейдегі сән апталығына Қазақстан атынан алғаш рет қатысып отырған сәнгер.

Айдархан Мірәліұлы айтулы шарадағы көрсетілімін «Тараз періштелері» деген атаумен ұсынып отыр. Сәнгер онда «Көктем –жаз- 2019» маусымдық коллекцияларын көпшілік назарына шыгарды. Шығармашылық көрсетімілімнің негізі ретінде сәнгер періште образын таңдаған.

«Шығыс сұлуының ғажайып пен құпияға толы бейнесі періштені еске салады. Сондықтан да мен өз коллекциямды «Тараз періштелері» деп атадым. Коллекциядағы сән үлгілері шығыстық стильде әзірленді. Оған қолөенер шеберлері безендірген жеңіл, жылтыр маталар пайдаланылды. Шығыс жігіттері қыз баласына ана, болашақ жар деп ерекше құрмет көрсеткен. Яғни, біздің ұғымымызда әйел образы пәк те нәзік сезіммен қатар жүреді. Сондықтан коллекциядағы сән үлгілеріне алдағы маусымда сәнге айналатын ақ түс қолданылды», — дейді тараздық сәнгер Айдархан Қалиев.

Миландағы апталықтан соң жерлесіміздің туындылары қазан айында Тараз қаласында өтетін «Taraz – aspara fashion week» сән апталығының салтанатты ашылуында көрсетілетін болады. Айта кету керек, «Taraz – aspara fashion week» халықаралық сән апталығына 19 мемлекеттен 30- дан астам дизайнер қатысуға ниет білдірген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.