Бүгін Тараз қаласының «Бәйтерек» мөлтек ауданында №3 мектеп-лицейдің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Жандар Кәрібаев, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, сондай-ақ, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Мектеп құрылысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген. Мектеп құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Ғимарат құрылысының жобалық құны 1 831 484,10 мың теңгені құрайды.