Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді | arainews.kz

Таразда «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді

188

19 қазан сағат 11.00-де Тараз қаласындағы «Достық үйінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасайтын «Ұлы дала рухы» фестивалі өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли өзінің парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.

Опубликовано Беріком Уәли Вторник, 16 октября 2018 г.

Шара аясында республикаға танымал белгілі иллюстратор-суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле сурет» атты көрмесі, сондай-ақ, облыстық деңгейдегі БАҚ-тардың көрмесі ұйымдастырылып, облыстағы фотографтардың еңбектері ұсынылмақ.

Фестиваль концерттік және шоу бағдарламалармен сүйемелденіп, республикаға танымал айтыскер Рүстем Қайыртайұлы мен жамбылдық жас ақын Дархан Әбдіманаптың арасындағы жекпе-жек айтыспен жалғасады.

Сондай-ақ, рухты әндерімен барша қазақ тыңдармандардың жүрегін жаулаған «Алашұлы» тобы өнер көрсетіп, Ғани Мәтебаев, Жазира Сметова және Ербосын Қасымбек секілді елімізге танымал тараздық әншілер де шара қонақтарын әнімен тербемек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.