Таразда «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісті жүзеге асып жатыр | arainews.kz

Таразда «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісті жүзеге асып жатыр

11

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады.

Аталған жобаны іске асыру мақсатымен қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде қаланы абаттандыру мен дамытуға бағытталған жоба-өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» электрондық парақшасы арқылы қабылданды.

Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың айтуы бойынша, 2022 жылы жеңімпаз болған Төле би көшесі, №11 «А» мекенжайындағы жатақхана ауласына балалар ойын алаңшасы салу, 2023 жылы жеңімпаз болған «Ұлы дала»  (15) шағынауданындағы «Түйте» каналын абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Ал 2024 жылдың қортындысымен С. Рахимов көшесі, №50-52 үйлердің және  Байзақ батыр көшесі, №207 «А» мекенжайындағы үйдің маңында балалар ойын алаңын қайта жаңғырту жүргізіледі.

2025 жылы тұрғындардан 17 жоба ұсынысы келіп түскен. Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде, талаптарға сай келетін жобалар дауыс беру үшін әкімдіктің интернет-ресурсына орналастырылды.

“Халық қатысатын жоба қазіргі таңда халыққа ашықтықпен қолжетімділік көрсетуде. Халық қатысатын жобаның артықшылығы, жоба ұсыну мақсатында, жобаны тұрғындар болып қолдап дауыс беру барысында, қолайлы қосымшаларға  қолжетімді болуын қамтамасыз еткен. Жобаның ғұмыры ұзақ болып қаламыз гүлдене берсін,— дейді Тараз қаласының тұрғыны Әсет Лесбай.

Тұрғындардың онлайн дауыс беру нәтижелері және сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, іске асырылатын жобалар төмендегідей болып бекітілген:

  • Жамбыл даңғылы, №16/3 үйдің маңында балалар ойын және көше тренажер алаңын салу;
  • Оңтүстік көшесіне футбол алаңшасын орнату;
  • «Аса»(10) шағынауданы, №10 үйдің алдына балалар ойын алаңын орнатып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу;
  • «Астана» (12) шағынауданы, №9, 10, 11, 12, 30 үйлердің аулаларына футбол және жаттығу алаңдарын салу.

turaninfo.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.