Таразда қарақшылар тонауға бір ай дайындалып, бір тәулікте ұсталып қалған | arainews.kz

Таразда қарақшылар тонауға бір ай дайындалып, бір тәулікте ұсталып қалған

171

Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев брифингте қылмыстардың алдын алу бойынша жамбылдық полицейлердің жұмысы туралы айтты.

«Таяуда біз бір тәуліктің ішінде қылмыстық істі әшкереледік. Таразда бір отбасына шабуыл жасап, тонаған 4 қала тұрғыны ұсталды. Анасы мен қызы алтын бұйымдар сатумен айналысқан. Шабуыл барысында олар жеңіл жарақат алған. Анасын шаңсорғыштың сымымен байлап, 4 млн теңгеден астам сомадағы алтындарын алып кеткен», — деді Арман Оразалиев.

Жамбыл гарнизонының басшысы атап өткендей, 23-35 жас аралығындағы күдіктілер бір ай бойы қылмысқа дайындалған. Құрбандарды таңдап, камуфляж киімін, қолғаптар, маскалар сатып алған.

«Қазір тергеу барысында олардың осы тектес бірнеше қылмыс жасауды жоспарлағаны анықталды. Яғни, біздің полиция қызметкерлері тек қылмысты әшкерелеп қана қоймай, оның алдын алды. Біздің басты міндеттеріміздің бірі — қылмыстық алдын алу, оған жол бермеу», — деп атап өтті Арман Оразалиев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.