Таразда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті | arainews.kz

Таразда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

197

Демалыс күндері орталық «Достық» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке мақсаты – күнделікті тағам өнімдерінің бағасын қолжетімді ету. Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың 6 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде жалпы құны 31,6 млн. теңгені құрайтын 158 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 7-33 пайыз төмен болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.