Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова айтты.
Оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында 392 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылып, құрамына 15 мыңнан астам оқушы қамтылған. Жыл басынан бері ауылдық, аудандық, қалалық деңгейде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының ұйымдастаруымен барлығы 187 іс-шаралар өткізіліп, 42 135 оқушы қамтылған. Білім беру ұйымдарындағы «Парасатты азамат» бұрыштарында жастардың бойында патриоттық, парасаттылық, жауаптылық қасиеттерін дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы ақпараттар тұрақты түрде жаңартылып отырады. Ағымдағы жылдың қазан айының соңынай дейін «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының аудандық, қалалық деңгейдегі слеттары өткізіліп, ал қорытынды облыстық слеті қараша айында өткізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар спикердің айтуынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының аудандық және қалалық деңгейдегі өткізілетін слеттары барысында оқушыларға адалдық, парасаттылық негіздері бойынша кешенді шаралар өтетін болады.