Тараз қаласында заңсыз дәрі-дәрмек айналымнан шығарылды | arainews.kz

Тараз қаласында заңсыз дәрі-дәрмек айналымнан шығарылды

195

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде «Допинг» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен «Облыстық диагностикалық орталығы» тексерілді.

Тексеру барысында онколог дәрігердің есірткі және психотроптық заттарға қатысты жұмыс істеуге рұқсаты және бас дәрігердің оған құрамында есірткі заты бар дәрілермен жұмыс жасауға қатысты бұйрығы болмағаны анықталды.

Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 303-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 10 қазанында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы және Облыстық фармацевтикалық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында дәріхана қызметкерлері адам ағзасына зиян келтіретін дәрілерді рецептісіз сатқаны үшін, сондай-ақ 13 дана «Трамадол» пластинасын, 22 дана «Тропикамид» дәрісін құжатсыз сақтағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.