Тараз қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді | arainews.kz

Тараз қаласында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

4

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап кезекші кесте бойынша Ұлы дала мөлтек ауданы, 137 мекенжайында орналасқан Тараз қалалық Әулиеата ауданының №2 ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды.

Төле би көшесі, 89Г мекенжайында орналасқан Тараз қалалық Әулиеата ауданының №1 ХҚКО күнделікті жұмыс кестесіне көшеді: дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Кезекші ХҚКО-лар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады: №1 мамандандырылған ХҚКО – Төле би көшесі, 198А және №2 мамандандырылған  ХҚКО – Қойгелді көшесі, 158А. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні – 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.