«Тараз» ФК қиын жеңіске қол жеткізді

Өткен демалыс күндері «Тараздың» футболшылары Теміртауда «Шахтер-Болат» командасын жеңді. Ойын барысында жамбылдықтар қарсыластарынан кем түскенімен, күш-жігер таныта білді.

Жарыс барысында бірінші таймда есепті алаң иелері ашты. Кеншілердің сирек шабуылдары 36-шы минутта Ануар Агайсиннің дәл соққысымен түйінделді – 1:0.

Үзілісте және екінші тайм кезінде қонақтардың жаттықтырушысы Нұркен Мәзбаев бірнеше ойыншыны ауыстырды. Алаңға шыққан Сағадат Тұрсынбай, Абзал Таубай және Бауыржан Байтана тараздықтардың шабуылдау әлеуетін арттырып, алаң иелері жиі-жиі қателіктер жібере бастады. Нәтижесінде 67-ші минутта Тимур Байжанов есепті теңестірсе, ойын аяқталуға екі-ақ минут қалғанда қажетті голды Сағадат Тұрсынбай соқты.

Айта кететін жайт, 6 шілде күні «Тараз» өз алаңында түйінді қарсыласы және біріншіліктің көшбасшыларының бірі – Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» командасын қабылдайды. Кездесу аса тартысты болғалы тұр. Матч Орталық стадионда сағат 19-00 басталады.

«Тараз» футбол клубының баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.