Талас ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда | arainews.kz

Талас ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда

60

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Талас ауданында «Таза аула, Таза өлке, Таза ел!» бастамасы аясында өтеді.

Акция аясында Талас ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

1) «Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағыңдағы аулаларды тазалайды.
2) «Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағың абаттандыруға арналады.
3) «Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
4) «Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағың тазалау, абаттандыру көзделеді.
5) «Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
«Таза Өлке» Акциясы алдымен көше мен аулаларды тазалаудан басталды. Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 15 жүк көлігі қамтылып, 1500-ге жуық мекеме қызметкерлері, еріктілер, қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдері ат салысты. Жалпы шығарылған қоқыс көлемі 120м2. Сонымен қатар, Қаратау қаласы ішіндегі 27 аялдама, 236 жол белгілері және 360-қа жуық бағаналар ретке келтірілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.