Бүгін ел Президенті Қ.К. Тоқаев мемлекет басшысы ретінде алғашқы Жолдауын халыққа жолдады. Жолдаудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының жалғасы екенін көруге болады. Жасампаздық пен ілгерілеу, тұрақтылық пен бейбітшілікке бағытталған саясат жалғасын табатыны баршаны қуантады. Жолдаудың басты мақсаты әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу екендігіне бүгін Елбасының сөздерін тыңдай отырып бәріміз куә болдық.
Президент Жолдауынан халық көп үміт күтеді және ел дамуының жаңа бір белесі деп бағалайды. Жолдауда жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жаһандану дәуірінде дағдарыстан шығудың тетіктерін іздестіруге ынталандырады.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық мәселелерге үлкен көңіл бөлінетінін көрсете білді. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша ауқымды шаралар атқарылатынын баса айтты. Халыққа атаулы әлеуметтік-көмек берудің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар да күн тәртібінен түскен жоқ.
Азаматтық қоғам құруға бағытталған, халық пен билік арасындағы алшақтықты жою мақсатында 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы әзірленетін болады. Бұл жерден биліктің қарапайым халық проблемаларын шешуге деген ұмтылысы деп түсінеміз. Үштілділікті дамыта отырып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі нығая түспек.
Жолдауды Қазақстан халқына қызмет ететін, оның әлемдік мемлекеттер арасында бәсекеге қабілетін күшейтетін тарихи маңызы бар құжат деп бағалаймыз. Себебі, Президенттің Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасы ел үшін тағдырлық маңызы бар, дамудың тынысын ашатын салаларды қамтиды.
Жолдаудағы көрсетілген межелік мақсаттар мен міндеттерді орындай отырып, еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірінде оң өзгерістер болатыны сөзсіз.
Жанғазы Молдамұратов,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі