Сыбайластық бойынша жергілікті атқарушы органдар көш бастап тұр | arainews.kz

Сыбайластық бойынша жергілікті атқарушы органдар көш бастап тұр

213

Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты.

Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған қылмыстардың саны бойынша жергілікті атқарушы органдар көш бастап тұр. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 53 (2018 – 34) қылмыстық іс тіркелген (салалар бойынша: білім – 18, ауыл шаруашылығы – 8, мәдениет және спорт – 6, денсаулық сақтау – 5, құрылыс – 5, жер қатынастары – 4, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 3, әлеуметтік қамсыздандыру – 1 және т.б.), одан кейін, ішкі істер органдарының қызметкерлері – 17 (2018 – 16), арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 6 (2018 – 0), әскери шенділер – 4 (2018 – 12), қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – 4 (2018 – 16), экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері – 2 (2018 – 0) және т.б.
Сонымен қатар, спикердің айтуынша өңірдегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың санының өсуі, азаматтардың Агенттікке деген сенімінің артуымен және қоғамның жемқорлыққа қарсы тұру деңгейінің жоғарлауымен байланыстырды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.