Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында «Өмір қандай тамаша» атты шығармашылық байқау өтті. Аталған мекеменің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің инспектор-психологы мен инспектор-теологы әділет лейтенанты Талғат Бекжігітовтің ұйымдастыруымен өткен сайыстың басты мақсаты — айыпталушылар мен сотталушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өз бетінше ойлау мен талдау қабілеттерін арттыру сондай-ақ жазасын өтеушілердің өз жанұясына аман-сау оралуына себепкер болу.
Сурет салу және қабырға газетін шығару бойынша өткен тартысты байқаудың нәтижесінде Е.М.Есина есімді азаматшаның туындысы «Үздік сурет» номинациясына лайық деп танылды. Жарыс соңында барлық қатысушы сотталған азаматтар мекеме басшылығы тарапынан марапатқа ие болды.
Әмина Масатбай,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты
ЖД-158/1 мекемесі арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы
жөніндегі бөлімінің инспектор-психологы, әділет лейтенанты