Сотталғандар экспресс тест тапсырды | arainews.kz

Сотталғандар экспресс тест тапсырды

774

АИТҚ – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды ВИЧ — адамның иммундық тапшылық қоздырғышы (АИТҚ) тудырады. АИТҚ аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін. АИТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АИТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады.

Ғасыр дерті атанған жаман індеттің алдын алу және болдырмау мақсатында елімізде қарқынды жұмыстар жүруде. Бұл мақсатта түрлі жиындар мен тексеру шаралары өткізіліп келеді. Осындай шараның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде өтті.

Мекеме медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны Гүлшат Медетбекованың ұйымдастыруымен өткен кешенді шара барысында мекемеге 100 дана экспресс тест әкелініп, сотталған азаматтар АИТҚ-ның алдын алу мақсатында сынамалар тапсырды. Бұл зерттеу жұмыстарын мекеменің медициналық қызметкері Мейірхан Кеңесов пен Ақназар Мырзабай орындады.

Гүлшат Медетбекова,

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің

ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.