Шымкентте баласын ұрып-соққан әйел іздестіріліп жатыр | arainews.kz

Шымкентте баласын ұрып-соққан әйел іздестіріліп жатыр

169

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының әжетханасында белгісіз әйел баласын ұрып-соққан. Қазір бүлдіршінге күш көрсеткен әйел іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова мәлімдеді.

Айта кетейік, әжетхана ішінде баласын жерге жатқызып қойып жылатқан әйелдің видеосы Инстаграм әлеуметтік желісінде таралды. Онда киініп тұрған әйел қасындағы адамдарға ауыр сөздер айтып дөрекілік танытқан. Бұл көріністі желіге жариялаған қолданушы қысқаша түсініктеме беріп кеткен.

«Бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып, теуіп жатқан əйелдің балаға араша түскен адамдарға айтқан сөзі…» делінген жазбада.

Оқиғаға байланысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Полиция қызметкерлері тексеру жұрмыстарын жүргізуде. Әзірге оқиғаның кеше Жұмыспен қамту орталығында болғаны анықталып отыр. Әйелдің аты-жөнін анықтап, ол іздестіріліп жатыр. Қосымша ақпарат тергеуден соң беріледі», — деді Әсел Сәденова.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.