Шу ауданында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» өлкетану экспедициясы өтті.
Аталмыш шараны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурсттық орталығының» директоры Айнұр Рахымбаеваның бастамасымен Қонаев ауылы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы Ерлан Рахымбердиев өткізді.
Ақтөбе қалашығында жасалған экспедицияд0а Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі И.Омарова жетекшілік жасап, оқушыларға көне қаланың тарихы жайлы толыққанды ақпарат берді.