Шу ауданының Шоқпар ауылында мәдениет үйі ашылды | arainews.kz

Шу ауданының Шоқпар ауылында мәдениет үйі ашылды

177

Шу ауданындағы Шоқпар ауылында жүз орындық жаңа мәдениет үйі қолданысқа берілді.

Бұл – үш мыңнан аса тұрғыны бар ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Өйткені осы уақытқа дейін шалғайдағы елді мекенде мәдениет ошағы мүлдем болмаған. Нысанды соғуға облыстық бюджеттен 215 млн теңге қаржы бөлінген. Екі қабатты ғимаратта мұражай, кітапхана, би, қолөнер үйірмелері және 100 орындық көрермен залы бар. Жалпы өңірде елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту және олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру картасы жасалған. Осыған сәйкес, алдағы үш жылда 26 мәдениет үйін соғу жоспарланып отыр.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.