Шу ауданында 8 келіге жуық марихуана тәркіленді | arainews.kz

Шу ауданында 8 келіге жуық марихуана тәркіленді

158

Жамбыл облысында ІІД қызметкерлері «Көкнәр-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Тәтті-Аспара өткелінде 41 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Тексеру барысында одан өзіне тән иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес ол жалпы салмағы 7 келі 740 грамм болатын кептірілмеген марихуана екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.