Шанхайда Қазақстанның 10 фильмі көрсетіледі | arainews.kz

Шанхайда Қазақстанның 10 фильмі көрсетіледі

137

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында халықаралық «The Most Credible Award 2018» фестивалінде Қазақстанның кинотуындылары көрсетілмек, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль Шанхайда 19-20 қазан күндері өтеді, оған Жібек жолының бойында орналасқан елдердің барлығы қатысады.

Фестивальге Ип Ман ретінде танылған актер Donnie Yan, актер Sammo Hung, режиссер Zhang Jizhong секілді танымал тұлғалар қатысады. «Қонақтар қатарында белгілі әнші Димаш Құдайберген де бар. Сондай-ақ, өзге де қазақстандық жұлдыздар қатысады», — деп мәлімдеді «KOZ Production» бас директоры, актёр Мұхаммед-Расұл Көздібай.

Оның сөзіне қарағанда, фестивальге ұсынылған 20 фильмнің алтауы Қытай кинопрокатына іріктеп алынады. Бұған қазақстандық кинолардың айтарлықтай мүмкіндігі бар.

Фестиваль 124 елге трансляция жасалады. Шара қатысушылары 9 елдің танымал медиа өкілдерімен танысу мүмкіндігіне ие болады. Мұхаммед-Расұл Көздібайдың айтуынша, оның компаниясы Қазақстанның «Ұлы жол» фильміне қатысу бойынша Donnie Yan мен Джеки Чанның жауабын күтіп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.