Серпінді сенбілік ұйымдастырылды | arainews.kz

Серпінді сенбілік ұйымдастырылды

46

Тазалық – оны сақтаған жерде болады. Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері осындай пікірде. Өткен сенбі күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың бастамасымен барлық деңгейдегі жеке құрам қызметкерлеріне сенбілік жарияланды. Бұл күні аталған департаментке бағынысты түзеу мекемелерінің аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, мекемелердің аумағы көріктендіріліп, тазалық басты назарға алынды.

Жалпы, тұмса табиғаты бар көне шаһар Тараздың саф ауасын жұтып отырған әрбір азамат өз өлкесінің өркендеуіне күш салуы қажет-ақ. Ал, ҚАЖ қызметкерлерінің осынау игі іс – тазалық жұмыстары өңіріміздің өркендеуіне зор ықпал етері анық.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.