Семейде ер адам аспалы көпірден секіріп кетті | arainews.kz

Семейде ер адам аспалы көпірден секіріп кетті

170

Семейде ер адам  аспалы көпірден  секіріп кетті.  Сүңгуірлер азаматтың  денесін іздестіруде.

Оқиға бүгін таңертең сағат 5.00 шамасында орын алған. Әзірге азаматтың аты-жөні белгісіз. Аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамды жол патрульдік полиция қызметкерлері байқаған. Алайда көмекке келіп үлгермеген.  Жедел түрде 112-ге телефон шалып, оқыс оқиға жайлы хабарлаған. Қазір оның денесін судан құтқару қызметінің 4 сүңгуірі іздестіруде.

Айта кетейік, жыл басынан бері осымен 4-ші адам көпірден секірген.

«Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кей әлеуметтік желілерде азаматтың тірі қалғаны туралы да ақпарат жүр. Алайда нақты дерек жоқ. Заң бойынша 3 күн іздеу жұмыстарын жүргіземіз», — деді Семей қалалық судан құтқару қызметінің бас маманы Ринат Мұхтаров.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.