Сарысуда ЖЭС салынады | arainews.kz

Сарысуда ЖЭС салынады

171

Осы бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов инвесторлар – аталмыш компанияның «Визор Казахстан «ЖШС-нің басқарушы серіктесі Алмас Чукин мен осы ЖШС-ның бизнес саласын дамыту бойынша кеңесшісі Кулик Вадиммен кездесті.
Инвесторлар Сарысу ауданында 100 МВт-тық жел электр станцияларын салатын болады. Жоба бойынша 233 гектар жерге 40 желден қуат өндіретін арнайы қондырғылар орнатылмақ. Олардың әрқайсының қуаты – 2, 5 МВт құрайды. Станция жылына 340 миллион КВТ/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Жоба құны 130 миллион АҚШ доллары.
Жобаның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады деп күтілуде. Құрылыс кезінде 200-300 адам уақытша жұмыспен, жоба іске қосылғанда 30-40 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл туралы кездесуде өз жоспарларымен бөліскен Алмас Чукин айтып берді.
Еліміздің энергетикалық секторын стратегиялық трансформациялау аясында жаңартылған энергия көзінен өндірілетін электр энергиясының үлесін арттыру, экологиялық таза энергия өндіру және атмосфераға көмірқышқыл газының шығындарын азайту мақсатында қолға алынған жоба сәтті жүзеге асқанда орташа есеппен 2020 жылы 8,1 миллиард теңге пайда түседі деп болжануда. Бұл түсім жыл өткен сайын ұлғаймақ.
Алдағы уақытта жоба қуаттылығын 200 МВт-қа ұлғайту көзделуде.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.