Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Бұл — мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі.
Осының нәтижесінде, бүгін облысымыздың 80 жылдығы мен Түңғыш Президент күні мерекелеріне орайластырып облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен Сарысу ауданында қос бірдей Жаңаталап, Маятас ауылдарында жаңа — медпункттің ашылу рәсімінің куәсі болдық.
Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген даналық сөзі бар.
Осы орайда, қоғамның басты байлығы — адамның денсаулығы мен оның әл-ауқатының өсуіне баса мән беріліп келеді. Емдеу-сауықтыру қызметінің сапасы артып, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығая түсуде.
Жас мамандарды тарту мәселесі де үнемі назарда тұр. Салаға келген мамандарға әлеуметтік көмек пакеттері кедергісіз берілуде. Осы арқылы емдеу мекемелеріндегі кадр тапшылығы біртіндеп шешілу үстінде.
Жыл сайын жаңадан бой көтерген медициналық пункттер саны арта түсуде.
Соңғы 5 жылдың өзінде Сарысу аудан аумағында жаңа типте 10-нан аса медпункттер мен дәрігерлік амбулаториялар іске қосылған.
Жоспарға сәйкес алдағы жылдары басқа да ауылдарда жаңа үлгідегі емдеу мекемелерінің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Бұл жұмыстар алдағы жалғасын таба бермек.
Бұндай шаралар саланың дамуына, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етері сөзсіз.
Кез келген мемлекеттің басты байлығы халық болса, халықтың баға жетпес байлығы ол — денсаулық.
Ендеше, жаңа нысанда ақ желеңді абзал жандарымыз тұрғындарға денсаулықтың маңызын насихаттап, оны қорғау бағытында жалықпай еңбек етеді деп сенім білдіреміз деп Маятас ауылында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.