Ресейдің Краснодар өлкесінің Туапсинс ауданына жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына байланысты төтенше жағдай енгізілді.
«Соңғы 1,5 тәуліктің ішінде қатты нөсер болды. Туапсинс ауданында екі айлық нормадан асатын жауын жауған», — деді Гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингілеу бойынша Краснодар орталығы бастығының орынбасары Валентина Белан.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, қызыл су 30 елді мекенді алып кетті. Кейбір жерлерде электр сымдары зақымданып, темір және авто жолдар бұзылған. Осыған байланысты ауданда ТЖ енгізіліп, жедел штаб құрылды.