Райхан Аманғазиева ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды | arainews.kz

Райхан Аманғазиева ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды

309

Шу ауданының әкімі Ж.Айтақовтың өкімімен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Аманғазиева Райхан Жамантайқызы тағайындалды.
Аманғазиева Райхан Жамантайқызы 21.05.1980 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген.Ұлты-Қазақ. Білімі – жоғары.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолын жылдары Мойынқұм аудандық денсаулық сақтау басқармасының заңгер-кадр бөлімінің инспекторы болып бастаған.
06.03.2006-15.05.2006 жылдары Мойынқұм аудандық соты бас маман-сот мәжілісінің хатшысының міндетін атқарушы, 15.05.2006-05.01.2011 жылдары Мойынқұм аудандық соты бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 05.01.2011-04.11.2011 Мойынқұм аудандық соты ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Жамбыл облыстық соты кеңсесінің Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, 04.11.2011-10.08.2012 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, 10.08.2012-27.08.2013 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің Бас маманы, 27.08.2013-19.10.2016 Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің Басшысы, 20.10.2016- 26.04.2019 Шу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.