Рақымшылық аясында 9 азамат бостандыққа шықты | arainews.kz

Рақымшылық аясында 9 азамат бостандыққа шықты

717

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 9 азамат рақымшылық аясында бостандыққа шықты.

Оларға қатысты “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңын қолдану және негізгі жазадан босату туралы ұсынысы қаралып, бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі қалған жазасынан дереу босатылды.

Түзеу мекемесінде қоғамға бейімделіп, бұған дейін заңға қайшы жасаған әрекеттерінің бұрыс екенін түсініп, еркіндікке шыққан азаматтарды олырдың туыстары қарсы алды. Қуаныштарын жасыра алмаған олар дазасын қтеу кезінде барынша қолдау көрсетіп, барлық тұрғыда демеу берген мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданған болатын.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.