«Рақмет сізге, Дәрігер» | arainews.kz

«Рақмет сізге, Дәрігер»

94

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында «Медицина қызметкерлері күнін» орай салтанатты жиын өтті. Жиынға ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Маржан Әкімжанова, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Сәуле Кисикова, Республикалық ұлттық орталықтардың қызметкерлері және Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасының, сонымен қатар медициналық орталықтың, ведомстволық мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Жиында Маржан Әкімжанова  дәрігерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Сәуле Кисиковасөз кезегінде барша дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет жасап жүрген дәрігер-әріптестеріміз «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.