Президент Open University қағидасы бойынша білім беруді қолдады | arainews.kz

Президент Open University қағидасы бойынша білім беруді қолдады

514

«Қазақстан өзінің жастары үшін қажетті білім мен дағдыны беруі керек. Бұған қашықтықтан оқыту жақсы мүмкіндіктер береді. Мәселен, АҚШ-та жоғары оқу орындарда 20 млн студенттің үштен бірі онлайн форматында білім алады. Ал біз оған енді кірісіп жатырмыз. Сондықтан елімізде қашықтықтан оқыту саласын кеңейту қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылуына арналған шарада.

Осы орайда, Президент осындай мүмкіндіктерді қазақстандық жастар үшін Open University ұсына алатынын атады.

«Үкімет осы бастаманы қолдауы тиіс, бұл жобаны барлық ЖОО-ларда, колледждерде, жұмыс берушілер деңгейінде ілгерілету керек», — деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жастар жылының ресми ашылу салтанатында Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы Астана ашық университеті туралы айтып берген болатын.  «Ашық университет платформасы заманауи технологиялар мен білім беру міндетін біріктіре отырып, білім сапасын жақсартуға және оны қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Ашық университет идеясы әлемде кеңінен қолданылатын қашықтықтан білім беру мен ашық онлайн-курстар тәжірибесіне негізделеді. Мұндай курстардың әдістемесі мен технологиясы білім беруді дербестендіреді. Яғни, әр адам өзіне ыңғайлы уақыт пен орында және өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оқиды», — деді Рауан Кенжеханұлы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.