Президент бұған дейінгі Жолдаудың орындалмай қалған міндетін атады | arainews.kz

Президент бұған дейінгі Жолдаудың орындалмай қалған міндетін атады

159

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында Астанада заманауи онкологиялық орталықты салу мәселесін қайта көтерді.

«Келесі жылдан бастап Астанада ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысына кірісу керек. Мен екі жыл бойы осыны қайта-қайта айттым. Үстелдің үстінен бір қойып, тапсырма бермесем, біреудің де қимылдайтын түрі жоқ. Биыл фундаментті құйып тастаңдар. Оның ішінде ең заманауи технологиялар болсын», — деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, жаңа онкологиялық орталықта томотерапия, протонотерапия, кибер-пышақ, адам иммунитетін күшейту технологиясы болуы қажет.

«Қазір бізде жүректің барлық операциялары жасалады. Енді, осы салаға да жаңа технологияларды енгізіп, жоғары жетістіктерге жетуіміз керек. Соның арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап қаламыз», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент ұлттық онкологиялық орталықты салуды бұған дейін де тапсырған болатын. Н.Назарбаев биылғы Жолдауында алдағы бес жылда білімге, ғылымға және денсаулық сақтау салаларына шығыстарды қаржыландырудың барлық көздерінен Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізуді тапсырды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.