Петропавлдық банк картасынан ақша жымқыратын хакерлік бағдарлама жасаған | arainews.kz

Петропавлдық банк картасынан ақша жымқыратын хакерлік бағдарлама жасаған

180

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күннің ішінде ақпараттық технологияға қатысты 15 қылмысты әшкереледі.

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ұсталғанның бірі — 30 жастағы Петропавл тұрғыны. Ол банк картасынан жасырыны ақша шешіп алаатын арнайы бағдарлама жасаған. Ол 1 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ақша жымқырып келген. Хакердің әрекетінен 14 адамға шығын келген. Қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы нақтыланып жатыр.

Тағы бір Петропавл тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Оның шотынан 6 миллион теңгеден астам қаржы жоғалған.

«Автокөлік сату туралы жарнама бойынша белгісіз біреу хабарласып, алдын ала төлемді банк картасына аударуды сұраған. Ол үшін ол карточка нөмірі мен шот  иесінің телефон нөміріне келген кодты сұраған. Алаяқ бұл деректерді пайдаланып, қала тұрғынының шотынан ірі көлемдегі соманы шығарып алған. Алаяқтар осындай айламен тағы бір петропавлдықты алдап кеткен», — деді баспасөз қызметінен.

Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Виталий Почернин Olx, Крыша және Колеса.kz, Инстаграм сайттарындағы хабарландыруларды жіті тексеріп, алдын ала төлем жасамауға кеңес беруде.

«Ешқашан ешкімге жеке деректеріңізді, банк карталарыңыздың пин-кодтарын, шот нөмірін, әлеуметтік желілердегі логин мен парольдарыңызды, картаның артқы бетіндегі кодты хабарламаңыздар. Антивирус орнатып, интернеттен күдікті ештеңе жүктемеңіздер», — деді Виталий Почернин.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.