Павлодарда жарты жыл ішінде 1500-ға жуық заңсыз саудагер жауапқа тартылды | arainews.kz

Павлодарда жарты жыл ішінде 1500-ға жуық заңсыз саудагер жауапқа тартылды

306

Павлодарда жергілікті полиция қызметі қалалық әкімдікпен бірігіп заңсыз сауда жүргізу орындарын аралап шықты.

Полицейлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері автовсапаржай маңындағы аумақта, «Манақбай базары» маңы мен Лермонтов-1, Мамыр көшелерінің қиылысындағы нүктелерге барды. Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев осы аталған орындар заңсыз сауда неғұрылым көбірек жүргізілетін нүктелер болып саналатынын айтады.

Форма киген адамдарды көрген бойда сатушылар тауарларын жинап, қаша жөнелді. Қашып үлгермегендерді полицейлермен сұхбат күтті. Қалып қойғандары саудагерлерде қажетті құжаттар табылмаған жағдайда ескертулер рәсімдеді. Бірнеше мәрте құқық бұзғандарға 5-10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды.

Арман Қаптаевтың сөзінше, осы жылдың мамырынан бастап жергілікті полиция қызметі заңсыз сауда жүргізген азаматтарға қатысты 1500-ға жуық хаттама толтырып үлгерген. Заңсыз сауданы толығымен жоюға сауда үйлерінің иелері де кедергі болуда.

«Осындай көріністердің алдын алу үшін сауда үйлерінің әкімшілігін де жауапқа тарту керек. Біздер құрылыс бөлімімен бірлесе сауда үйлерінің басшыларымен жұмыс істей бастадық. Алайда өздеріңіз көргендей, сауда жалғасуда. Біреуіне айыппұл салсақ, ол орынға екінші біреу келіп тауарын қояды. Мұндай заңсыз сауда негізінен сапаржай, «Манақбай» мен «Караван» сауда үйлерінің қасында өршіп тұр», — дейді ЖПҚ бастығы.

Baq.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.