Өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылауға байланысты жиын өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев, мекеме бастығының орынбасары Бақытжан  Қасымбеков, мекеме САТӘПЖБ бастығы, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов, Жамбыл облысы прокурорының кіші көмекшісі Ғалымжан Қонақбаев, ҚАЖД арнайы есепке алу тобының бас маманы Назерке Бекталиева және ҚАЖД САТжӘПЖТ бас маманы Әлібек Алдыяров қатысқан жиында кодексті тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Жиынды ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда Кодекске нақты қандай заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі түсіндіріліп, мысалдар келтірілді.

Атап айтқанда, өзгерістер нәтижесінде жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі жойылған. Зорлаушылардың барлық қылмыстық істері тек сотқа жіберіледі. Сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылықтың белгілі бір әдістері үшін жауапкершілік күшейтілгендігі айтылды.

Жиын соңында ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері ағымдағы жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енгені атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 31 желтоқсанында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және жеке адам құқықтарын күшейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңға қол қойды. Осыған сәйкес, Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген еді. Заң қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды қолдану практикасына бес жыл бойы жүргізілген мониторинг нәтижесінде әзірленген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.