Отбасындағы әйелдердің рөлін талқылады | arainews.kz

Отбасындағы әйелдердің рөлін талқылады

126

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Меркі ауданы орталық кітапханасында этностар жинақы тұратын елді мекендердегі әйелдерге «Отбасындағы әйелдер образы және тәрбие» тақырыбында аналар кеңесінің тиімділігі туралы отырыс өтті. Жиынға төрағалық еткен облыстық «Қоғамдық келісім» орталығының этносаралық қарым- қатынас мониторингі және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Аққу Қаратаева жүргізіп, аудандағы «Славян» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, «Аналар» кеңесінің мүшесі Анна Ландикке сөз берді.
Ол өз сөзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасқанын тілге тиек етті. Соңғы жылдары көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. Бұл да мемлекет тапарынан отбасылардың тыныш өмір сүруіне көп септігін тигізері анық
Бұдан соң аудандық аналар кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Қайнаркүл Таттығұлова отбасындағы құндылықтар туралы сөз қозғап, өзінің басынан өткізген қиыншылықтарымен бөлісті.
– Біздің кезде дайын ештеме болған жоқ. Бәрін таза еңбекпен істедік. Автомат машина, дүкен сөрелерінде дайын тамақ болған жоқ. Қызмет те еттік, бала да таптық, бақтық. Жолдасымыз екеуіміз бір-бірімізді түсіне білдік. Ынтымақ, бірлік бар жерде ауызбіршілік пен тыныштық та болады. Отбасы ол кішкентай мемлекет. Отбасылық құндықытарды бағалай білу керек, — деген ойымен бөлісті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.