Бүгін таңертең әлеуметтік желілерде Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарын жалын шарпығаны туралы жазбалар тараған болатын. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Талғат Сабиров бұл аумақтың «Жаңабаева Сәуле» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі екенін айтып отыр. Қазіргі сәтте өрт толық өшірілген.
— 2018 жылғы 25 қарашада сағат 9.13-те өрт сөндіру бөліміне хабар түсті. Ал, сағат 9.16-да өрт сөндірушілер жетіп, жалынды ауызтықтауға кірісті. Біздің ақпарат бойынша 8 бутик, 22 сауда орны өртенген. Өрттің көлемі 700 шаршы метр. Өрттің салдарынан жарақат алғандар, қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар келтірілген шығындар да есептелуде, — дейді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Талғат Сабиров.
Алдыңғы