Орта білім туралы аттестат алды | arainews.kz

Орта білім туралы аттестат алды

377

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментініӊ ЖД-158/2 мекемесіндегі жалпы білім беретін мектепте оқығандарға 2020-2021 оқу жылын аяқтап, орта білім алғандығы туралы аттестат берілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 11 сыныпты бітіруші 12 жазасын өтеушіге аттестатты түрме әкімшілігі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, салтанатты жағдайда табыстады.

Ел азаматтары орта білімді міндетті түрде алу тиіс. Сондықтан біліммен қамту бас бостандығынан айыру орындарында да жүзеге асырылуда. Аталған іс-шараға мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов қатысып, мектеп бітіруші түлектерге алған аттестаттарын игі кәдеге жаратуларына тілек білдірді. Оларға табыс тілеп, сотталғандарға білім беруге жан-жақты көмек көрсеткен ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.