Оңтүстік Кореяда соңғы 111 жылда болмаған ауа температурасы тіркелді | arainews.kz

Оңтүстік Кореяда соңғы 111 жылда болмаған ауа температурасы тіркелді

185

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтың салдарынан 4,5 миллион ірі қара қырылып қалды. Онда рекордты жоғары температура деңгейі бір айдан бері төмендемей тұр.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің өкілдері хабарлады. Олардың мәліметі бойынша күннің ыстық болуы биылғы көкөніс пен жеміс-жидек түсімін азайтып, балық аулаушыларға да кедергі жасады. Ал Инчхон халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшып-қону жолағына 200 тоннаға жуық су төккен.

Айта кеткен жөн, биыл Оңтүстік Кореяда соңғы 111 жылда болмаған ауа райының жоғарғы температурасы тіркелді. Сеулде сынап бағанасы 40 градустан асқан. Аптап ыстық салдарынан 28 адам көз жұмып, 2 жарым мың тұрғын денсаулығына байланысты дәрігерге қаралған.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.