Онлайн дәрістің пайдасы зор болмақ | arainews.kz

Онлайн дәрістің пайдасы зор болмақ

493

Дін қоғамдық сананың формасы ретінде қоғам мен адам өмірінде, халықтың мәдениеті мен дәстүрінде елеулі рөл атқарады. Дін – бұл өркениетті адамзат тарихында көне дәуірден орын алған рухани құбылыс. Діни мәдениет пен діни құндылықтар – дәстүрлі діни жүйелердің адамзат баласының рухани жан дүниесін жетілдіруге және адамға өмірлік мәндік мәселелерді шешуді ұсынатын тұғыр.

Дінді, оның тарихын білу дегеніңіз – адамзат тарихымен танысу деген сөз. Осы орайда дінді зерттеудің маңыздылығымен қоса, зерттеушіге туындайтын қиындықтарды да есте ұстаған жөн. Сонымен бірге діннің не екенін танып, оның мағынасын ұғыну әрбір саналы адам үшін керек мәдени құбылыс. Осы орайда, ел азаматтарының теріс ағымдарға еріп кетпеуі мақсатында теологтар мен өзге де дін саласынының қызметкерлері қарқынды жұмыс істеуде. Десе де, аталған дін қызметкерлерінің де білімін арттырып, біліктілігін жетілдіріп тұру аса маңызды.

Бұл мақсатта жуырда «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен республика көлемінде «Теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн оқыту курстары өткен еді.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберіндегі әлеуметтік жоба еліміздегі карантиндік ережелерді бұзбау мақсатында қашықтықтан білім беру технологиясы арқылы «Zoom» бағдарламасымен онлайн форматта өткізілді.

 Оқыту курсын ұйымдастыру барысында алғашқы уақытта техникалық ақауларға байланысты қиындықтар туғызғанына қарамастан барлық қатысушылар аз уақыттың ішінде онлайн жүйеде өткізіліп отырылған оқыту курсына бейімделіп, курстың жоғары дейгейде және нәтижелі өтілуіне өз ықпалдарын тигізе білді.

Оқыту курсы барысында қатысушылар дәріс берушілерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Оқыту курсы онлайн форматта ұйымдастырылғанына қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы оқу материалдары жолданып, кері байланыс орнатыла білді.

3 аптаға созылған оқыту курсы өз мәресіне жетіп, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Оқыту курсына қатысқан қатысушылар курс барысында жинаған білімдерін алдағы уақытта өз өңірлерінде жұмыс жасау барысында пайдаланатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.