Оқушыларды Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырды | arainews.kz

Оқушыларды Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырды

1 378

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов және мекеме кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет капитаны Айгүл Жүнісова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қабылдау тәртібі мен талаптары таныстырылды. Академия туралы ақпарат презентациялар, бейне жүгіртпелер және деректі фильм түрінде ұсынылды. Сонымен қатар Академияның қазіргі таңдағы жетістіктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Оқушыларда оқу орнына түсуге қатысты мәнді де орынды сұрақтар болды. Бұл сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.