«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 18 ақпан күні облыстық мәслихаттың депутаты Арман Еділбаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдаған болатын.
Қабылдауда мүгедектігі бар қала тұрғыны, қайырылып электрқозғалтқышы бар мүгедек арбасымен көмек көрсетуді сұраған. Өтініш иесі зейнет жасында, еш туысы жоқ, жалғыз қалған. Жүріп тұруы қиындап қос балдаққа күні қараған. Қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері де жоқ жалғызбасты жанға тек бір алыс танысы үйінде тұруға келісім берген.
Өтініш иесінің тұрмыс жағдайын ескерген облыстық мәслихаттың депутаты Арман Захарыпұлы жеке қабылдауында жалғызбасты жанға көмегін беруге уәде еткен. Осылайша, өтініш иесінің тілегі орындалып, өзі қалағандай электрқозғалтқышы бар көпфункционалды мүгедек арбасы табысталды.