Облыста күн электр станциясы қуаттылығын арттырды | arainews.kz

Облыста күн электр станциясы қуаттылығын арттырды

180

Жамбыл облысында алпауыт күн электр станциясын іске қосудың екінші кезеңі аяқталып, нысанды  жалпы ұлттық телекөпірде Елбасы іске қосқан еді.

Қуаттылығы 50 мвт-ты құрайтын «Бурное Солар-2», жарты жылда 46 миллион киловат сағат электр қуатын өндірді. Мұнда жалпы 377 мың күн панельдері орнатылған. Әрбір тақтайшаның қуаттылығы 260-270 ватт. Негізі жоба екі кезеңде жүзеге асырылып отыр. Алғашқысы Индустрияландыру картасының екінші бес жылдығында салынып, 2015 жылы 50 мегаваттық қуатпен іске қосылған. Екінші бөлігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Қазір мұнда 377 күннен қуат өндіретін арнайы панельдер орнатылып, қуат екі еселенді. Өткен жылы мамандар 127 миллион киловат сағат өнім  өндірсе,  биыл екі станциядан 150 миллион киловатт сағат электр қуатын алуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз 70 мың үйге жететін қуат көзі- дейді мамандар.

Заманауи станция толықтай автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Панельдер Германия мен Қытай елдерінен әкелінді. Күннен өндірілген өнім қосалқы станцияға өтеді. Біздің болжам бойынша мұнда жылына 150 миллион киллиоват сағат электр қуатын өндіруі тиіс. Барлығы ауа райына байланысты әрине, — дейді күн электр станциясының инженері Игорь Кан.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.