Немересі темекі өнімдерін сатты — әжесі жазаланды | arainews.kz

Немересі темекі өнімдерін сатты — әжесі жазаланды

3 858

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 133-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы) бойынша азаматша Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Тараз қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер азаматша Е.-ге тиесілі дүкенінде жасы кәмелетке толмаған немересі Т. азамат Р.-ға темекі өнімін сатқан.
Сот отырысында азаматша Е. дүкенде немересі Т.-ны өз орнына қалдырғанын, ол өз кезегінде азамат Р.-ға темекі өнімін сатқанын растап, өз кінәсін және темекі бұйымдарын сату бойынша тыйымды бұзғанын толық мойындады. Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық іске тіркелген айғақтармен толық дәлелденді.
ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға — он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Сот қаулысымен азаматша Е. ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, ол 92 300 (тоқсан екі мың үш жүз) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.