НАСА ұшырған телескоптың жанармайы таусылып қалды | arainews.kz

НАСА ұшырған телескоптың жанармайы таусылып қалды

566

АҚШ-тың ғарыш агенттігі ұшырған Kepler телескопы өзінің миссиясын аяқтайды. Себебі бұл обсерваторияның жанармайы таусылған.

2009 жылы ұшырылған обсерватория 2013 жылы істен шығуына байланысты өзінің негізгі миссиясын аяқтаған болатын. Бірақ сол кезден бері аппарат экзопланеталарды іздестіруді тоқтатса да ғарышты бақылауын тоқтатқан жоқ.

Айта кету керек, осы телескоптың арқасында ғалымдар салмағы Жерден де ауыр супержерлердің бар екендігі туралы білді.

Сондай-ақ аппарат Күн жүйесінен тыс 2,6 мыңнан астам планетаны тапты.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.