Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Байзақ ауданы, Бәйтерек ауылдық округінде өтті.
Облыс орталығына жақын орналасқан ауылдық округтің құрамына 3,2 мыңнан аса тұрғыны бар Көкбастау, Тегістік, Төрегелді және Базарбай ауылдары кіреді.
Қабылдауға облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.
Шара барысында ауыл халқы елді мекенге қатысты түйінін тарқатуды қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Мәселен, Тегістік ауылына ауыз су әлі күнге дейін кірмеген. Сондай-ақ, ауылдағы Тегістік-Өзенбай көшелеріне түнгі жарықтандыру қажет.
Сонымен қатар, Көкөзек, Жақаш, Тегістік ауылдары арасындағы жолдар жөндеуді қажет етеді екен. Айта кетерлігі, ауылдық округ биыл ағын судан таршылық көрген. Ондағы егістіктердің барлығы судың жоқтығынан қурап, шаруалар шығынға ұшыраған. Бұдан өзге, жайылымдық жер де тапшы.
Тұрғындар қоғамдық қабылдау барысында елді бас ауырып, балтыр сыздай қалған уақытта мекенге «жедел жәрдем» кешігіп келетінін де жеткізді. Олар ауылдарға банкоматтар орнатылса деген өтініштерін де білдірді.
Қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынып, оның орындалуы партия облыстық, аудандық филиалдарының бақылауында болады.