Меркі ауданында «Ақпарат ағыны және біз» семинары өтті | arainews.kz

Меркі ауданында «Ақпарат ағыны және біз» семинары өтті

359

Меркі ауданындағы «Тұран» демалыс аймағында «Ақпарат ағыны және біз» семинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастырып отырған шараға облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары мен журналистер және блогерлер қатысты.

Жиын барысында ақпарат саласының қызметкерлеріне ақпарат таратудағы сауаттылық, бүгінгі журналистиканың талаптары, ақпаратты тексеру (фактчекинг) тақырыптарында дәріс оқылды.

Семинардың лекторлары – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі, медиатренер Асхат Еркімбай және республикалық «El.kz» интернет жобасының жетекшісі, медиатренер Бэлла Орынбетова.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.