Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ауқымы кеңейіп келеді | arainews.kz

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ауқымы кеңейіп келеді

191

Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік нысандарға сұранысын өтеуде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының берері мол.Соңғы 3 жылда аталған бастама арқылы облыста 113 жоба іске асырылды. Аталған жобаға Шу ауданында үлкен қызығушылық танытуда. Нәтижесінде, ауданда қос тараптың серіктестігімен жүзеге асып жатқан жұмыстар көп.

– Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 жоба арқылы жеке ғимаратта орналасқан 2 мемлекеттік балабақшаны ғимаратпен қамту мәселесі шешілмек. Шу ауданы Шу қаласында «Балапан», «Астана» балабақшаларын ғимаратпен қамтуда жеке әріптестің бастамасымен бизнес-жоспарлар жасалды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары денсаулық сақтау саласында қамтып, Шу қалалық ауруханасын томограф қондырғысын сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жоба экономикалық сараптаманың оң қорытындысын алды, –дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

Жалпы, 2017–2018 жылдардың өзінде өңірде демеушілердің бастамасымен өңірде 30 жоба іске асырылған. Ал ағымдағы жылы 83 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндағы әрбір жобаны іске асырудың нақты  алгоритмдері   әзірленген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.