Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерін қабылдады | arainews.kz

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерін қабылдады

144

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерін қабылдады.

Қабылдау мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оның қолданыс аясын кеңейтуге қосқан еңбектерініне алғыс айта отырып, тіл саясатын насихаттау бағытындағы этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мазмұнды, әсерлі қабылдау барысында қатысушылар қазақ тілін меңгерудегі жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, барша қазақстандықтарды мемлекеттік тілін меңгеруге шақырды.
Шараға қатысушылардың барлығына басқарма басшысының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.