Мекеме қызметкерлері мерекеге орай марапатталды | arainews.kz

Мекеме қызметкерлері мерекеге орай марапатталды

424

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Еліміздегі құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі мен міндетін айқындайтын атаулы күн 2007 жылдан бері аталып өтіледі. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысына берілген лайықты баға.

Бұл күн тек тәртіп сақшыларына ғана емес, жалпы ішкі істер органдарында еңбек ететін қызметкерлердің барлығына ортақ мереке. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде үлгілі қызметімен көзге түсіп жүрген қызметкерлер арнайы марапатталды.

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов және мекеме бастығының режим және жедел жұмыстар бойынша орынбасары, әділет майоры Нұржан Күзембаев қатысты.

Жиын барысында сөз алған Е. Оразгелдиев салада табысты еңбек етіп келе жатқан білікті мамандарды құттықтады. Сонан соң режим бөлімінің бастығы, әділет капитаны Ернар Нұрмашты, режим бөлімінің инженер-технигі, әділет лейтенанты Таир Айтуарды және САТжӘПЖ бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Жансерік Әбдіқаппаровты грамоталармен марапаттады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.