Мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді | arainews.kz

Мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді

145

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен жақындарына ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге рұқсат берілді. 

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеуші жақындарымен кездесуге мүмкіндік алған жақындары өз алғыстарын білдіруде.

Мекемеде жазасын өтеуші жұбайымен кездесуді асыға күткен Л. Заитова есімді азаматша ақжарма тілегін ақ қағазға түсіріп, ЖД-158/2 мекемесінің басшылығы мен қызметкерлеріне рахметін айтқан.

Азаматша хатында ерекше режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері өз жұмыстарын жауапкершілікпен орындайтынын, жаза басып темір торға тоғытылғандардың туыстарына сыпайылық танытып, көмектесуге дайын тұратындығын атап өткен.

Еліміздегі ахуалға байланысты ұлымен жүздесе алмай келген Н. Пятецкая да осы іспетті алғысын ақ қағазға түсірген. Өз сөзінде ана баласының жағдайы жақсы екенін, жазасын өтеу барысында өмірге деген көзқарасы оң бағыт алып, болашаққа үлкен жоспарлары барын жеткізген. Ұлының түзелуіне септігін тигізген мекеме басшылығы мен ұжымына рақметін айтқан Н. Пятецкая келесі кездесуді асыға күтетінін айтқан.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.