Қызылшаға қарсы екпе салынды | arainews.kz

Қызылшаға қарсы екпе салынды

249

Республика бойынша қызылшамен аурушаңдығының өсуіне байланысты вакцинация жасалуы шарт.

Қызылша ауыр ағыммен сипатталын вирусты этиологиялық ауру болып табылады.

Қызылша вирус жоғары контагиозды болғандықтан жөтелгенде, жақын қарым-қатынаста, инфекцияны жұқтырған адамның мұрын жағындысымен жанасқанда жұғу қаупі бар.

Қызылшаны әр адам жұқтыруы мүмкін, әсіресе иммунитеті төмен-вакцинация алмаған адам.

Жуырда № 4 Тараз қалалық (Almaz Medical Group) емханасының дәрігері Фарида Еркінбекова, медбике Әсел Оспақұлова Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 және ЖД-158/7 мекемесінде
20-29 жас аралығындағы 50 азаматқа қызылшаға қарсы екпе салу жұмыстарын жүргізді.
Олардың көпшілігі сотталғандар болса, қалғаны мекеме қызметкерлері.

Айта кетейік, мұндай алдын алу жұмыстары қызылшадан қорғанудың басты стратегиясы болып табылады.

Гүлшат Медетбекова,
ЖД-158/4 мекемесі медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.